Қазақстан Елшісі Хайфадағы жетекші университет басшыларымен кездесті

Қазақстан Елшісі Хайфадағы жетекші университет басшыларымен кездесті

Хайфа, 2024 жылғы 24 маусым – Қазақстан Елшісі Дәулет Ембердиев «Гордон» және «Технион» білім ордалары басшыларымен кездесулер өткізді.

«Гордон» академиялық білім беру колледжінің Президенті, профессор Йоэль Мансфельд оқу орнының мүмкіндіктерімен таныстырып, сондай-ақ Erasmus+ бағдарламасымен оқытуда инновациялық әдістемелер мен озық технологиялар қолдану тәжірибесімен бөлісті.

«Технион» Израиль Технология Институтының бірінші вице-президенті Одед Рабиновичпен болған кездесуде қазақстандық ЖОО-лармен байланыс орнату перспективалары және студент/оқытушы алмасу бағдарламалары қарастырылды.

Кездесу қорытындысында израильдік ғалымдар қазақстандық әріптестерімен су ресурстарын рационалды түрде пайдалану және су тасқынын болдырмау шаралары жөнінде өзара біліктілік арттыру мақсатында, кәсіби гидрологтар даярлау және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Анықтама үшін: «Гордон» колледжі өзінің бірегей оқыту, озық технологиялар қолдану әдістерімен, сондай-ақ кәсіби және білікті оқытушылар құрамымен танымал.

«Технион» – әлемдегі ең беделді техникалық университеттердің бірі (топ-100) және Израильдің инновациялық дамуында маңызды рөл атқарады. Қабырғасынан 3 Нобель сыйлығының лауреаты түлеген.