Экономикалық ынтымақтастықтың күн тәртібі Қазақстан-Израиль қатынастарының басымдығында

Экономикалық ынтымақтастықтың күн тәртібі  Қазақстан-Израиль қатынастарының басымдығында

Тель-Авив, 2024 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Елшісі Дәулет Ембердиевтің Израиль СІМ Азия және Еуразия елдерімен экономикалық қатынастар департаментінің директоры Джонатан Задкамен кездесуі барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және іскерлік белсенділікті жандандыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Д. Ембердиев израильдік әріптесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен кешенді саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Сөз кезегінде Дж.Задка еліміздегі маңызды өзгерістерді оң бағалай отырып, Қазақстан мен Израиль арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің қолда бар әлеуетін толық пайдалануды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға келісті.