Тель-Авив, 2024 жылғы 15 мамыр – Қазақстан Елшісі Дәулет Ембердиев Израиль Әділет министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Эфрат Гринбоимен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты келісімдердің жобасын талқылап, аталмыш құжаттарға қол қою үшін жасалатын одан әрі қадамдарды өзара нақтылады.
Сонымен қатар, сұхбатасушылар Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекетінің құқық қорғау органдары арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, бірқатар құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты.