
Тель-Авив, 2024 жылғы 9 қаңтар – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақовтың Израиль Сыртқы істер министрлігінің Бас директорының жуырда тағайындалған орынбасары – Еуразия департаментінің басшысы Юваль Фукспен кездесуі барысында екіжақты және көпжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланып, аймақтағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасуы болды.
С.Бұршақов израильдік әріптесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» атты сұхбатының негізгі тезистерімен таныстырып, сондай-ақ Мемлекет басшысы бастамашылық еткен кешенді саяси және экономикалық реформалардың іске асырылу барысы жөнінде айтып берді.
Ю.Фукс өз кезегінде еліміздегі маңызды өзгерістерді оң бағалады.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға келісті.