Израильде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай брифинг өтті

Израильде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай брифинг өтті

Тель-Авив, 2023 жылғы 29 тамыз – Қазақстан Елшісінің резиденциясында еліміздің Конституция күніне орай Израильдің сарапшылары мен БАҚ өкілдеріне  брифинг өткізілді.

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов іс-шара аясында 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген ауқымды конституциялық реформалардың нәтижелері туралы айтып, қабылданған өзгерістер мен толықтырулар ата заңға еліміздің барлық мемлекеттік моделін кешенді трансформациялау үшін сенімді негіз болғанын атап өтті.

Израильдік сарапшылар өз комментарияларында саяси өзгерістерді Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің басталғанымен ұштастырды.

Саясаттанушы, Орталық Азия бойынша сарапшы Аркадий Дубнов Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірін үнемі жоғары қызығушылықпен бақылап отырғанын хабарлап, елорданың Алматыдан Астанаға көшірілгеніне куә болғанын айтты. А.Дубнов Тәуелсіздік жылдарда – Қазақстан қарқынды дамып, халықаралық сахнада өзінің маңызды рөлі бар, танымалы елдердің біріне айналғанын қуанышпен жеткізіп, бүгінгі таңда тәуелсіз және замануи мемлекетте өскен жас кәсіби кадрлар пулын қалыптастырғанын атап өтті.

Орталық Азия елдерінен қоныс аударған халықаралық мәдени орталығының төрағасы Мордехай Кимягаров Қазақ елінің қонақжайлығы туралы ыстық ықыласпен атап өтіп, Қазақстан – әрбір этнос достықты, үйлесімділік пен келісімді нығайтуға зор үлес қосатын ұйымшыл ұлт екенін атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, израильдік сарапшылар «Жаңа Қазақстанды» құру жолында қойылған барлық міндеттердің табысты іске асыруына тілектестіктерін білдірді, сондай-ақ қыркүйектен бастап Алматы –  Тель-Авив бағыты бойынша тікелей рейстін ашылуы жөніндегі «Air Astana» қазақстандық авиакомпаниясының бастамасын зор қуанышпен қабылдады. Брифингке қатысушылар елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына қуатты серпін беретініне сенім білдірді.