Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Иерусалимдегі Қасиетті қабір шіркеуінен Қасиетті алауды табыстау рәсіміне қатысты

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Иерусалимдегі Қасиетті қабір шіркеуінен Қасиетті алауды табыстау рәсіміне қатысты
2020 жылғы 18 сәуірде Пасха православ діни мерекесі қарсаңында Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Иерусалимдегі Қасиетті қабір шіркеуінен Қасиетті алауды табыстау рәсіміне қатысып, оны еліміздің Православ шіркеуінің өкіліне  табыс етті
 
Иерусалим Патриархы Теофил ІІІ қатысуымен өткен алауды жағу салтанаты алғаш рет жаһандық індетке орай шектеулі түрде және тәу етушілерсіз өтті.
 
Қасиетті отты алғаннан кейін түрлі мемлекеттердің өкілдері оны өздерінің елдеріне жеткізеді.
 
Мейірімнің зұлымдықты жеңгенін көрсететін Қасиетті алау жағу шаралары Қазақстанның барлық шіркеулерінде ү. ж. 19 сәуірде өткізу жоспарланған.
 
Пасха мерекесі құтты болсын, құрметті достар!