
Тель-Авив, 2023 жылдың 17 мамыры - Израильде «ISF World School Beach Volleyball-2023» пляж волейболынан оқушылар арасында әлем чемпионаты басталды.
Сайысқа әлемнің 18-ден астам елінен келген жас спортшылар, оның ішінде Алматы олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері (15 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі жас санаттарында) қатысуда.
Турнирмен қатар ұйымдастырушылар - мәдени алмасу мен білім беру мүмкіндіктерін дамыту үшін үлкен бағдарлама әзірлеген. Атап айтқанда, «Ұлт түні» сияқты бағдарламаларға қатысып, жас өспірімдер өз елінің бірегей дәстүрі мен мәдениетін таныстыра алады.
Чемпионаттың ресми ашылуына қатысқан Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов пен Елшілік қызметкерлері спортшыларымызға қолдау көрсетіп, әлемдік сайыста жоғары нәтижелерге жетуін тіледі.
Біздің команданы қолдағысы келетіндер 23 мамырға дейін Бат-Ям қаласының көрікті пляждарында өтетін турнирді тамашалауға болады ( https://events.isfsports.org/wsc-beach-volleyball-2023/ ).