
Тель-Авив, 2023 жылғы 28 наурыз – Этникалық өзара түсіністік қорының Президенті, раввин Марк Шнайердің Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігіне достастық ниеттегі сапары өтті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов пен раввин М.Шнайер Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне қатысқан еврей делегациясының сапарын жылы лебізбен еске алды.
Раввин М.Шнайер конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделін тағы да жоғары бағалап, Қазақстанның астанасында тұрақты жұмыс істейтін форум бүкіл әлем дінбасылары мен олардың өкілдеріне ашықтық, толеранттылық және өзара құрмет атмосферасындағы неғұрлым өзекті және өткір мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар отырыста көтерілген идеялар мен ондағы қорытынды құжат – VII Съезд шеңберінде Әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қабылданған декларацияны одан әрі ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыру жайын талқылады.
Сондай-ақ, Елші раввинді өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан маңызды реформаларымен таныстырды.