Қазақстан мен Израиль медициналық консультациялар өткізді

Қазақстан мен Израиль медициналық консультациялар өткізді

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің қолдауымен 1-3 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен Израильдің жетекші медициналық орталықтары мен ауруханаларының дәрігерлері арасында бірнеше бейнеконференция өтті. Кеңес берудің мақсаты коронавирустың кең таралуын тежеу бойынша үздік тәжірибемен алмасу және талқылау болды.

Қазақстан тарапынан онлайн конференцияларға Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Буршақов, Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының мамандары, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің, «Астана Медицина Университеті» АҚ, медициналық жоғары білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ бірқатар өңірлердің медициналық мекемелерінің мамандары қатысты.

Израиль тарапынан Дүниежүзілік Медицина қауымдастығының экс-президенті профессор Леонид Эйдельман қатысты. Ол қарқынды терапия және анестезиология саласында маманданған және Петах-Тикве қаласындағы «Бейлинсон» ауруханасының Анестезиология бөлімін басқарады.

Сонымен қатар, «Рамбам» медициналық орталығы директорының орынбасары доктор Ави Вайсманмен, орталықтың COVID-2019 қарсы күрес департаментінің инфекциялық бөлімінің бастығы Хитам Хусейнмен, «СОМЕТ» медициналық зерттеу орталығының директоры Адель Сигалмен бейнеконференциялар өтті.

«Рамбам» Израильдің «Технион» жетекші медициналық-технологиялық университетінің клиникалық және академиялық базасы болып табылады.

3 сәуірде Ихилов ауруханасының ішкі ағзаларын жұқпалы ауруларды емдеудің жетекші маманы Евгений Кацманмен және осы аурухананың халықаралық бөлімі басшысының орынбасары Юрий Ранковпен конференция ұйымдастырылды.

Әңгіме барысында коронавирустың алдын алу және қарт тұрғындарды қорғау, карантин және індет ошақтарын оқшаулау, COVID-19 емдеу әдістері мәселелері талқыланды.

Елшілік жаһандық эпидемияға қарсы күрес аясында халықаралық өзара іс-қимыл шеңберінде аса өзекті болып табылатын консультациялар өткізуге жәрдемдесуді жалғастырады.