Ұлы дала әуендері Иерусалим музыка және би академиясында шырқалды

Ұлы дала әуендері Иерусалим музыка және би академиясында шырқалды

Қазақ ұлттық өнер университетінің «Zhas Star» ансамблі орындаған «Ұлы дала әуендері» Иерусалим музыка және би академиясында сәтті өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орайластырылды.

Жиналған қауымды Иерусалим музыка және би академиясының Президенті Профессор Михаэль Клингхоффер мен Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов құттықтап, сөз сөйледі.

Көрермендер қазақ әуендерін, сондай-ақ шетелдік шығармаларды тамсанып тамашалады. Қазақстан туралы бейнероликтер жиналғандарға еліміз табиғатының сұлулығы мен халқымыз мәдениетінің өзіндік ерекшелігін сезінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін Елші және ҚазҰӨУ-нің өкілдері профессор М.Клингхоффермен кездесіп, білім беру салаласындағы өзара іс-қимыл және студенттер алмасу мәселелерін талқылады.