2022 жылғы 3 қараша - Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Иерусалим Патриархы ІІІ Теофилмен кездесу аясында оған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.
С.Бұршақов Израильден келген діни көшбасшылардың VII Съезд жұмысына белсенді қатысуы қазіргі әлемде өркениетаралық, конфессияаралық және дінаралық диалогты одан әрі ілгерілетуге ықпал еткенін атап өтті.
Патриарх пандемиядан кейінгі кезеңде осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс сөздерін жеткізді және Съезді табысты өткізуге елеулі үлес қосуды жалғастыруға үлкен ниет білдірді.
Теофил ІІІ осы маңызды халықаралық форумға қатысқан діни көшбасшылар, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қазіргі уақытта халықаралық қоғамдастық тап болған жаһандық сипаттағы проблемаларға қатысты көзқарастар мен бағалаулардың бірлігін көрсетті. Ол сондай-ақ съездің қорытындысы бойынша қабылданған Декларация бүкіл әлемде үйлесімді әлем құрудың игі ісінде қазіргі ұрпақ үшін рухани және моральдық бағдар болатынына сенім білдірді.