Қазақстан мен Израиль кеден қызметтері озық тәжірибелерімен бөлісуде

Қазақстан мен Израиль кеден қызметтері озық тәжірибелерімен бөлісуде

2022 жылғы 24-27 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов бастаған делегация Израильде жұмыс сапармен болды.

Сапар аясында Д.Жаналинов Израиль Мемлекеті Кеден директоратының директоры Кфир Хенмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында тараптар тауарларға берілетін декларацияларды бақылау және шығару, сондай-ақ контейнерлік тасымалдарға мониторинг жүргізу сияқты бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты және көпжақты форматтағы кеден саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Иордания шекарасындағы кеден бекеттеріне және Бен Гурион халықаралық әуежайына барып, тауарлардың қауіпсіздігін тексеру және сканерлеу жүйесімен танысты.

Анықтама: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша, 2022 жылдың 8 айында Израиль Мемлекеті Қазақстан Республикасымен саудада 25-орынға ие болды (0,6%). Тауар айналымының көлемі 416,4 млн.долл. құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе көп (190,9 млн.долл.).