Қазақстан Елшісі Лимассоль экономикалық форумында сөз сөйледі

Қазақстан Елшісі Лимассоль экономикалық форумында сөз сөйледі

Лимассоль, 2022 жылдың 25 қазаны – Кипр Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов 13-ші Лимассол экономикалық форумында сөз сөйледі.

Беделді форумға Өкілдер палатасының төрайымы, Кипр үкіметінің министрлері, Греция мен Португалия Ұлттық банктерінің басқарма төрағалары, ЕО ірі компаниялары мен қаржы институттарының басшылығы, дипломаттар мен сарапшылар қатысты.

Қазақстан, Австралия, Нидерланды және Еуропалық комиссияның Елшілері «Жаңа жаһандық тәртіп? Сыртқы саясат және халықаралық қатынастарды қайта анықтау» атты панельдік сессияда пікір алмасты.

С.Бұршақов форум қатысушыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан Қазақстан сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, сондай-ақ еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы айтып берді.