Қазақстан Бас Прокурорының Кипр Республикасына сапары туралы

Қазақстан Бас Прокурорының Кипр Республикасына сапары туралы

Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асыловтың Кипрдің Әділет және қоғамдық тәртіп министрі Стефи Дракумен кездесуі барысында Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартқа, сондай-ақ Экстрадициялау туралы шартқа қол қою рәсімі өтті.

Б. Асылов пен С.Драку аталған Шарттар екі мемлекеттің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін, сондай-ақ қылмысқа қарсы іс-қимылға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосатынын атап өтті.

Сапар аясында Б.Асылов Кипрдің Бас Прокуроры Джордж Саввидиспен және Ішкі істер министрі Никос Нуриспен кездесулер өткізді.

Тараптар халықаралық қауіпсіздіктің бірқатар құқықтық мәселелері бойынша пікір алмасып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы үйлестірілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті.

Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасының құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі одан әрі бірлескен қадамдарды белгілей отырып, қылмыстардың өзекті түрлеріне қарсы күресте күш-жігерді шоғырландыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.