Қазақстан Елшісі Израильдің Бас сефард раввинімен кездесті

Қазақстан Елшісі Израильдің Бас сефард раввинімен кездесті

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Йосефпен кездесті.

Қазақстандық дипломат Бас раввинге еліміздің астанасында 2003 жылдан бері ұйымдастырып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін ұдайы қолдап, оның отырыстарына тұрақты түрде қатысуы үшін алғыс білдірді.

И.Йосеф Нұр-Сұлтанда құрылған сұхбат алаңының жұмысына жоғары баға бере келе, оның әртүрлі діндердің өкілдері жер шарында бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға бағытталған маңызды бастамаларды талқылауға болатын ерекше орын екенін айтты.

Раввин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Съезді шақырудағы орасан рөлін атап өтіп, оған өзінің ең ізгі тілектерін жеткізуді сұрады. И.Йосеф Діни лидерлері кеңесінің құрамындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірлескен жұмысын жылы шыраймен еске алып, Мемлекет басшысына Қазақстанның өркендеуіне бағышталған жемісті қызмет тіледі.

Кездесу барысында Елші С.Бұршақов Бас серфард раввиніне 2018 жылы қазан айында Нұр-Сұлтанда өткен VI Съездің қорытындысы туралы презентециялық кітап табыс етті.