
Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов Тель-Авив қаласының мэрі Рон Хульдаймен кездесті.
Кездесу барысында Елші қала басшысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға баса назар аудара отырып, Қазақстанның дамуы туралы айтып берді.
Тараптар жуырда бауырластық байланыстарына 20 жыл толған Алматы мен Тель-Авив арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге қызығушылық білдірді.
Сондай – ақ Мэр Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанның қарқынды дамуы мен жетістіктері туралы ақпараттандырылды.
Соңғы рет Р. Хульдай Алматыда 2001 жылы болғанын ескере отырып, С.Бұршақов оған Қазақстанға сапармен бару мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Анықтама: 1909 жылы сәуірде негізі қаланған Тель-Авив Израильдің үлкен мәдени, сауда-экономикалық және қаржы орталығы болып табылады, сондай-ақ соңғы онжылдықта "Стартап Сити"мәртебесіне ие болды.