
Израильде Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Қуаныш Бишімов бастаған делегация жұмыс сапармен болды.
Қазақстандық сарапшылар израильдік серіктестерімен технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келіссөздер жүргізді.
Биылғы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін KADEX 2020 қару-жарақ және технологиялар халықаралық көрмесіне Израиль компанияларының қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.