
Қазақстандық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің өкілдері (KZ-CERT) Тель-Авивтегі киберқауіпсіздік саласындағы технологияларды дамытудың өзекті мәселелеріне арналған CYBERTECH 2020 халықаралық конференциясына қатысты.
Қазақстандық сарапшылар елдеріміз арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру тұрғысынан израильдік әріптестермен келіссөздер жүргізді.
Кездесулердің қорытындысы бойынша Израиль Премьер-Министрі кеңсесі жанындағы Киберқауіпсіздік жөніндегі ұлттық директоратпен, Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметімен (Israel-CERT), сондай-ақ жеке компаниялар өкілдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.