
Израильдің Ришон-ле-Цион қаласында жыл сайынғы «инновация сапасы» халықаралық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
«Микро және стартап компаниялар арасындағы бизнес инновациялар» номинациясында қазақстандық «Absolute Technologies Lab» компаниясы криптография саласында жаңа технологияларды әзірлегені үшін жеңімпаз болып атанды.
Жүлдегерлерге Финляндия Президенті қол қойған сертификат-диплом табыстай отырып, Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов компанияның бас директоры Тимур Рыспековке, сондай-ақ оның командасының мүшелері Влад Полонский мен Анастасия Клещеваға қазақстандық және әлемдік ғылымның дамуы үшін алдағы уақытта табыс тіледі.
Байқаудың ұйымдастырушылары Қазақстанның жас және талантты балалардың креативтілігі мен жетістіктері жаңа технологиялар мен инновациялық зерттеулерді ілгерілетудегі маңызды үлес болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, номинацияларды Венгрия, Израиль, Испания, Қытай, Латвия, Ресей, Сербия, Финляндия және Швеция командалары иеленді.
2007 жылы Фин сапа ассоциациясы бастамашысы болған жыл сайынғы «The Quality Innovation» конкурсына жиырмадан астам елден бес жүзге жуық компания қатысады, онда үздік инновациялар критерийлерге сәйкес ұлттық кезеңнен өтіп, Deloitte халықаралық аудиторлық компаниясын қоса алғанда, еуропалық елдерден тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен қатаң халықаралық қазылар алқасымен бағаланады.