Энергетика және су ресурстарын басқару салаларындағы Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығын ілгерілету туралы

Энергетика және су ресурстарын басқару салаларындағы Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығын ілгерілету туралы

Экономика саласында Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығын кеңейту мақсатында Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов жергілікті ірі компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді

«Europe Asia Pipeline Co.» энергетикалық компаниясының бас менеджері Ицик Левимен Қазақстан мұнайын жеткізу перспективалары талқыланды

Қазақстандық дипломаттардың Хайфа қаласындағы мұнай өңдеу зауытына сапары барысында Бас директор Шломи Бассун бастаған «Bazan group» тобының жетекші құрамы зауыттың презентациясымен таныстырып, қазақстандық серіктестермен орын алған ынтымақтастыққа қанағаттанушылық білдірді

Елші израильдік компанияларды 2020 жылы 28 - 30 сәуірде Ақтау қаласында өтетін 2-ші «Caspian Ports & Shipping 2020» халықаралық көрмесі мен конференциясына қатысуға шақырды

Белгілі Bermad су компаниясына сапар барысында Бас директор Хаггай Аразимен Қазақстанда су ресурстарын басқару және су үнемдеу саласындағы қосымша жобаларды жүзеге асыру туралы әңгіме болды

Бүгінгі таңда Bermad компаниясы Шымкент пен Қарағандыда өзінің үздік тәжірибесіменн бөлісіп, жақсы нәтижелерге жеткені белгілі. Компания атқарған жұмыстар айтарлықтай энергия үнемдеуге, сумен жабдықтау жүйелеріндегі өткізу қабілетін жақсартуға және ағып кетулер мен жылжулардың санын азайтуға мүмкіндік берді

Odis компаниясының кеңсесінде маркетинг директоры Сари Эли бірнеше жобалардың презентациясын ұсынып, Қазақстан тарапына компанияның Әзірбайжан елді мекендеріндегі жұмыс тәжірибесін ескере отырып, қазақстандық су тазалау нарығына шығу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Odis суды және ағынды суларды тазарту жүйелерін әзірлеу, жобалау және салу саласындағы әл