
2022 жылдың 5 мамыры – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Елші іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Израиль Президенті Ицхак Герцогқа құттықтау жеделхатын табыс етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатында Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Израиль халқын және Ицхак Герцогты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ізгі тілектері үшін шынайы ризашылығын білдірді. Президент, сондай-ақ тарихи қысқа мерзім ішінде екі ел берік достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды құра алғанын атап өтті.