Қазақстан Елшісінің Израиль Президентімен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Израиль Президентімен кездесуі туралы

Израиль Президентінің резиденциясында ұйымдастырылған ресми шара барысында Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Президент Ицхак Герцогпен кездесті.

Әңгімелесу барысында И.Герцог Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қасиетті Рамазан айымен және Изариль мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына орай құттықтауын жолдап, ең ізгі тілектерін жеткізуді сұрады.

«Бұл мерейтой Израиль мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және т.б. сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастықты қамтитын жақсы екіжақты қарым-қатынастарды бағалауға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеген Президент Герцог ресми хатында.