Израиль Премьер-министрі Қазақстанда өтетін АӨСШК Саммитіне шақыру алды

Израиль Премьер-министрі Қазақстанда өтетін АӨСШК Саммитіне шақыру алды

Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшысының сыртқы саясат жөніндегі орынбасары Авивит Бар-Иланмен кездесті.

Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Израиль Премьер-Министрі Нафтали Беннеттке қазан айында Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Саммитіне қатысуға ресми шақыруын табыс етті.

С.Бұршақов Израиль дипломатына Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауында жариялаған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары туралы айтып берді.

Әлемдегі қазіргі геосаяси жағдай бойынша жан-жақты пікір алмасу болды.

А.Бар-Илан Елшіге Израильдің Қазақстанның төрағалығымен АӨСШК қызметіне белсенді түрде қатысуын жалғастыратынына сендірді.