Қазақстан мен Орталық Азияның тумалары Израильде Наурыз мейрамын атап өтті

Қазақстан мен Орталық Азияның тумалары Израильде Наурыз мейрамын атап өтті

Қазақстан мен Орталық Азиядан келген еврейлердің ұйымының төрағасы Наталья Дивинскаяның бастамасы бойынша Израильдің Афула қаласының концерт залында «Наурыз мейрамын» мерекелеуге арналған мәдени кеш өтті. Іс-шараға Орталық Азия елдерінің халықаралық қауымдастықтары мен мәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ муниципалитет басшылығы мен қала тұрғындары қатысты.

Мереке аясында Орталық Азия елдерінің ұлттық мәдени атрибуттарының көрмесі және израильдіктерге тарихи Жібек жолының бойындағы елдерінің бай мәдениетін көрсететін жарқын көркем бағдарлама ұйымдастырылды. Израильдік дуэт «Қара жорға» қазақ ұлттық биін тамаша орындады, ал Әмірлан Нажмитдинов пен Аяла Батанова домбырашылардың виртуозды ойыны көрермендердің қазақ композиторларының музыкасына деген үлкен қызығушылығын тудырды.

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов өз сөзінде Израильде Наурыз мейрамын тойлау игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, жарқын мерекенің ерекшеліктері мен дәстүрлері, оның халықаралық маңызы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.