
Никосия – Қазақстан Республикасының Елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипр Республикасының Әділет және қоғамдық тәртіп министрі Стефи Дракумен, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің жоғары лауазымды дипломаттарымен кездесті.
С.Бұршақов кипрлық өкілдерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында бастамашылық еткен саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
С. Дракумен келіссөздер аясында бірқатар екіжақты келісімдердің жобалары талқыланды және жақын арада үкіметтік делегациялар деңгейінде осы құжаттарға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кипр СІМ-де Елші Қазақстан-Кипр ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Кездесулер барысында тараптар әлемдегі қазіргі геосаяси ахуал жөнінде пікір алмасты.