Израильдің Туризм министріне Қазақстанның мерейтойлық медалі табысталды

Израильдің Туризм министріне Қазақстанның мерейтойлық медалі табысталды

Тель-Авив, 2022 жылдың 23 ақпаны - Қазақстанның Израильдегі Елшісінің резиденциясында Израильдің Туризм министрі - Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль бірлескен комиссиясының тең төрағасы Йоэл Развозовты «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов награданы Израильдің мемлекеттік органдары мен зиялы-қауым, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен табыстай отырып, Й.Развозовтың Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың екіжақты деңгейде де, халықаралық ұйымдар аясында да нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, Й.Развозов екі ел арасындағы белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді және дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екіжақты байланыстарды дамытудың оң сипатын атап өтіп, нақты жобаларды іске асыру үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.

Сондай-ақ, Туризм министрі Қазақстанға мемлекетті, экономика мен қоғамды жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібін жүзеге асыруда табыс тіледі.