Кипр үкіметіндегі кездесулер туралы

Кипр үкіметіндегі кездесулер туралы

Никосия, 2021 жылғы 30 қараша - Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипрдің Әділет және қоғамдық тәртіп министрі Стефи Дракумен, сондай-ақ СІМ Тұрақты хатшысы - министрдің орынбасары Корнелиос Корнелиумен кездесті.

Тараптар Қазақстан - Кипр ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту және бірқатар консультациялар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2022 жылы атап өтілетін Қазақстан мен Кипр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орай тиісті іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланды.

Елші кипрлік әріптестерін Қазақстандағы ішкі саяси және экономикалық өзгерістер, коронавирустық пандемиямен күрес аясында елде қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғаны туралы айтып берді.