Израиль Дипломатия институтының студенттері Қазақстанның жетістіктерімен танысты

Израиль Дипломатия институтының студенттері Қазақстанның жетістіктерімен танысты

Тель-Авив, 2021 жылдың 8 қарашасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «ZOA House» мәдени орталығында Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль дипломатиясы институтының студенттеріне дәріс оқыды.

Аудиторияның назары мемлекеттік реформаларды жүргізудегі, әртараптандырылған нарықтық экономика құрудағы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей моделін құрудағы еліміздің тарихи серпілісінің жетістіктеріне аударылды.

Студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, С.Бұршақов жиналғандарды еліміздің көпвекторлы сыртқы саясаты, Орталық Азия өңірінің дамуы, оның ішінде Ауғанстандағы ахуал, сондай-ақ Қазақстан мен Израильдің екіжақты қарым-қатынастарының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары туралы хабардар етті.

Бұған дейін Суккотты мерекелеу кезінде Елші жоғары сынып оқушыларымен және бірқатар университеттермен кездесті.