Қазақстан университеттерінің Израильдің Холон технологиялар институтымен ынтымақтастығы туралы

Қазақстан университеттерінің Израильдің Холон технологиялар институтымен ынтымақтастығы туралы

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің қолдауымен қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының Холон технология институтымен онлайн кездесуі болып өтті.

Холон институтының президенті Эдуард Якубов институт жыл сайын Израильдің жоғары білікті инженерлерге деген қажеттілігінің үштен бірін қамтитынын хабарлады.

Сонымен қатар, Израильдегі бағдарламалау мен оқыту әдістерін біріктіретін жалғыз оқыту технологиясы факультетін ерекше атап өтті.

Инновацияға қатысты Э.Якубов медицинадағы сандық технологиялар факультетінің жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, факультет студенттерге анатомияны үйренуге емес, медициналық жабдықты қолдануды зерттеуге бағытталған. Институт басшысы атап өткендей, осы факультеттің түлектері бакалавр дәрежесін алып бітірген соң басқа жоғары оқу орындарының медициналық факультетіне барады.

Вебинардың барлық қатысушылары қызығушылық танытып, ынтымақтасуға ниет білдірді.

Атап айтқанда, Алматы Халықаралық бизнес академиясының (AlmaU) өкілдері өз студенттерін медицинадағы цифрлық технологиялар факультетіне жіберуге ықылас білдірді.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті өнеркәсіптік дизайн бойынша инженерлер мен мамандарды даярлау практикасын зерделеуге ниетті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері профессор Э.Якубовты Нұр-Сұлтанға 2021 жылдың көктемінде Университеттің 25 жылдығын атап өтуге шақырды.

Онлайн кездесуге, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен "Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығының басшылығы да қатысты.