Қазақстан Елшісінің Кипр Республикасында аккредитациясы туралы

Қазақстан Елшісінің Кипр Республикасында аккредитациясы туралы

Никосия қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Бұрашқов Мемлекеттік протокол басшысы Елші Элпидофорос Економуға Сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды.

Протокол басшысы Қазақстан дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оған екі ел халықтарының көпжақты байланыстарының дамуына және гүлденуіне бағышталған қызметіне табыс тіледі.

Елшінің аккредитациясынан кейін өткізілген Кипр Сыртқы істер министрлігінің Саяси және екіжақты департаменттерінің басшыларымен кездесуі барысында дипломаттар Қазақстан мен Кипр ынтымақтастығының жағдайы мен перспективалрын және ЕҚЫҰ мен БҰҰ шеңберіндегі ықпалдастықты талқылады. Тараптар сауда және экономикалық қатынастардың біртіндеп дамып жатқанын атап өтті. Кипрдің биылғы жылдың 6 ай ішінде Қазақстандағы 10 ең алдыңғы инвесторлардың қатарында болуы қуантарлық жәйт болып табылады. Кипр инвестицияларының көлемі осы кезеңде 180 млн. АҚШ долларынан асып түсті.

Елші кипрлік әріптестеріне Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар, еліміздегі коронвирус індетіне қарсы күрес шараларымен және оның экономикалық әсері туралы хабарлады.

С.Бұршақов Кипр тарапына жуырда Remedica ірі фрмацевтикалық компанияcының Қазақстанға коронавируспен күресу мақсатында дәрі-дәрмек түрінде жіберген гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді. Елшінің айтуынша, көрсетілген көмек Қазақстан мен Кипр арасындағы дәстүрлі достық қатынастардың және пандемияға қарсы бағышталған халықаралық күш-жігер шеңберіндегі ынтымақтастықтың айғағы болып табылады.