Израильден гуманитарлық көмек Нұр-Сұлтанға келді

Израильден гуманитарлық көмек Нұр-Сұлтанға келді

Израильдің “Elbit Systems” және “Defense Engineering Solutions ltd.” компаниялары өкпені жасанды желдетудің жылжымалы аппараттары түрінде Нұр-Сұлтанға гуманитарлық көмек жеткізді.

15 аппараттан тұратын жүк бірыңғай дистрибьютор болып табылатын «СК-Фармация» компаниясының қарамағына Қазақстан медициналық мекемелерінің арасында тарату үшін тапсырылды.

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі пандемиямен күрес аясындағы қолдауы үшін «Elbit Systems» және DES компанияларының басшылығына алғысын білдіреді. Көрсетілген көмек Қазақстан мен Израиль арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынасты, сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі халықаралық күш-жігердегі ынтымақтастықты айқын көрсетеді.