Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейнеконференция форматында отырысы өтті.
Министрлік кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ҚР-дың Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбайдың кандидатурасын АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры лауазымына бірауыздан мақұлдады.