Жалпы мәліметтер
Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 10 сәуірде орнатылған.
2024 ж. наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының (ҚР) Израиль Мемлекетіндегі (ИМ) Төтенше және Өкілетті Елшісі – Д.Ембердиев.
2022 ж. қаңтар айынан бастап ИМ-нің ҚР-дағы Елшісі – Эдвин Натан Ябо Глусман.
ҚР Елшілігі ИМ аумағында 1996 ж. мамырдан бері қызмет атқарады.
ИМ Елшілігі ҚР аумағында 1992 ж. тамыздан бері қызмет атқарады.
Саяси байланыстар
ҚР Президенті Н.Назарбаев Израильге 2 ресми сапар (1995 ж. желтоқсан, 2000 ж. сәуір) және 1 жұмыс сапарын (2013 ж. наурыз) жасады.
ИМ Президенті Ш.Перес Қазақстанға 2009 ж. 30 маусым-1 шілде аралығында мемлекеттік сапармен және 2015 ж. қыркүйекте жеке сапары аясында Астанаға барды. Израиль Премьер-министрі Б.Нетаньяху Қазақстанда 2016 ж. желтоқсанда ресми сапармен болды.
Қазақстан тарапынан Израильге Премьер-Министрдің (1992 ж.); Жоғарғы Сот төрағасы (1995 ж.); Парламент Сенаты төрағасының (2008 ж. мамыр, 2023 ж. маусым); Білім және ғылым министрлігінің (2007 ж. ақпан); Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (2007 ж. маусым); Парламент Мәжілісі төрағасы орынбасарының (2008 ж. желтоқсан) және басқа да бірқатар ҚР мемлекеттік органдары басшыларының сапарлары жүзеге асырылған.
Қазақстанға сапармен келгендер: Израиль Кнессет Төрағасы (2025 ж. сәуір); Сыртқы істер министрі (1995 ж. тамыз-қыркүйек, 2009 ж. қазан, 2010 ж. шілде); Премьер-Министрдің орынбасары – Құрылыс және тұрғын үй министрі (2002 ж. 3-4 маусым, Алматы қ., АӨСШК саммиті); Премьер-Министрдің орынбасары – Негев және Галилейді даму министрі (2006 ж. 17 маусым, Алматы қ., 2-ші АӨСШК саммиті); Кнессеттің вице-спикері (2008 ж. мамыр); Премьер-министрдің стратегиялық мәселелер жөніндегі орынбасары (2010 ж. желтоқсан) және Израиль Министрлер кабинетінің басқа да мүшелері.
Сыртқы саяси ведомстволар арасындағы ынтымақтастық
Тұрақты түрде СІМаралық консультациялар өткізіледі. Саяси консультациялардың 11-ші раунды 2022 ж. 13 шілдеде Иерусалимде өтті.
Халықаралық ұйымдар мен форумдар аясындағы ынтымақтастық
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 1-ші Съезіне (2003 ж.) Бас Ашкеназий раввин Й.Мецгер қатысты. 2-ші (2006 ж.) және 3-ші (2009 ж.) Съездерге Й.Мецгер және Бас Сефард раввин Ш.Амар және Президент Ш.Перес қатысты. 2012 ж. мамырдағы 4-ші Съезге Израильдің Бас раввиндері және Иерусалим мен бүкіл Палестина патриархы Феофил III қатысты. 2015 ж. маусымдағы 5-ші Съезге Израильдің Бас Сефард раввині И.Йосеф қатысты. 2018 ж. қазандағы 6-шы Съезге Иерусалим мен бүкіл Палестина патриархы Феофил III, сондай-ақ Бас Сефард раввин И.Йосеф пен Бас Ашкеназий раввин Д.Лау қатысты. 2022 ж. қыркүйекте өткен 7-ші Съезге Иерусалим мен бүкіл Палестина Патриархы Феофил III, Бас Сефард раввин И.Йосеф және Бас Ашкеназий раввин Д.Лау, сондай-ақ Еуразиялық Еврейлер Конгресінің бірінші вице-президенті А. Френкель қатысты.