Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық департаментінің Бас директоры Р.Наджафимен кездесу

Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық департаментінің Бас директоры Р.Наджафимен кездесу

      2020 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Иран Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық департаментінің Бас директоры Реза Наджафимен кездесті.

       Бұл басқосуда екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ілгерілету бойынша пікір алмасу болды. Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 24 қыркүйекте бейнеконференция форматында өтетін Азиадағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Сыртқы істер министрлерінің кездесуін ұйымдастыру шаралары талқылынды.

   Осы орайда, ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің ИИР Сыртқы істер министрі М.Зарифке жолдаған АӨСШК бейнеконференциясына қатысуға шақыру хаты тапсырылды.