ҚР Президентінің Жолдауына орай брифинг өтті

ҚР Президентінің Жолдауына орай брифинг өтті

   2020 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті  елшісі А.Оразбай ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»  атты Жолдауын  түсіндіру мақсатында ирандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

   Бұл іс-шараға ирандық беделді БАҚ өкілдері, атап айтқанда «Азия» журналының, «ИРНА» ақпараттық агенттігінің, «Иран Дейли», «Иран Ньюз», «Эттелаат»  газеттерінің, «Сарзамине Энержи» апталығының және «АВА» сайтының басшылығы мен тілшілері қатысты.

   Елші ҚР Президентінің Жолдауындағы негізгі тезистерге, атап айтқанда мемлекеттік басқарудың үлгісі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, сапалы білім беру, денсаулық сақтау саласын дамыту, цифрландыру, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы және өзге де өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды.

          Брифинг соңында Елші тілшілердің сұрақтарына жауап берді.