Қазақстан мен Иран жоғары деңгейдегі кездесулерде ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Иран жоғары деңгейдегі кездесулерде ынтымақтастықты нығайтуда

Тегеран, 2025 жылғы 2 ақпан – Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Жоғары деңгейдегі комитетінің 1-отырысына қатысу аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының (ИИР) Сыртқы істер министрі Аббас Арагчимен, сондай-ақ ИИР Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Гарибабади және экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Саид Абдол Расул Мохаджермен екіжақты кездесулер өткізді.

Иран Сыртқы істер министрімен кездесуде тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өңірлік қауіпсіздікке, экономикалық әріптестікке және халықаралық ұйымдар аясындағы үйлестіруге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, әртүрлі деңгейдегі алдағы ресми екіжақты сапарлардың егжей-тегжейлері қарастырылды.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Мохаджермен өткен кездесуде сауда-экономикалық серіктестік мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Иран 2023 жылғы желтоқсанда қол қойылған екіжақты тауар айналымын арттыру, көлік-логистикалық және инвестициялық мүмкіндіктерді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыруға дайын екенін растады.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары К. Гарибабадимен кездесуде тараптар БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, сондай-ақ ғаламдық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) шеңберіндегі әріптестікке қатысты пікір алмасты.

Барлық екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар белсенді саяси диалогты жалғастыруға және екіжақты әрі көпжақты өзара мүдделі барлық мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.