Қазақстан мен Иран қол жеткізілген келісімдерді іске асыру жолдарын талқылады

Қазақстан мен Иран қол жеткізілген келісімдерді іске асыру жолдарын талқылады

          2025 жылғы 6 қаңтарда Қазақстанның Ирандағы Елшісі О.Оңалбаев Тегеран Сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығы палатасының төрағасы Махмуд Нажафиарабпен кездесті.

Кездесуде тараптар екі елдің сауда, өнеркәсіп және тау-кен салаларындағы  ынтымақтастығын нығайту, көлік-логистика, екіжақты сауда айналымын 3 млрд. АҚШ долларына ұлғайту бойынша Жол картасын іске асыру, 2025 жылдың I тоқсанында Астана қаласында өткізу жоспарланған ҚР мен ИИР арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссияның 20-шы отырысы және т.б. мәселелерді талқылады.

Қазақстан Елшісі өзара алыс-берісті жандандыруда Тегеран Сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығы палатасының маңызды рөл атқаратынын жеткізіп, ирандық кәсіпкерлерді Қазақстанның басым жобаларына инвестиция салуға, бірлескен кәсіпорындар ашуға шақырды.

Өз кезегінде Тегеран Сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығы палатасының төрағасы М.Нажафиараб тараптар арасында қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдерді іске асыру үшін екі елдің мол әлеуетін толық қолданудың маңыздылығын атап өтті.