
Тегеран, 2025 жылғы 1 қаңтар – Қазақстанның Ирандағы Елшілігі жыл сайынғы іс-шараға – Ханымдар дипломатиялық қауымдастығы (DLA) ұйымдастырған халықаралық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараға Иранда аккредиттелген шет елдердің 50-ден астам дипломатиялық өкілдіктері және Иранның ірі қайырымдылық қорлары мен үкіметтік емес ұйымдары қатысты.
Қазақстанның Елшілігі жәрмеңкеде отандық кәдесый өнімдері мен қазақ ұлттық тағамдарын кеңінен ұсынды. Қазақтың әшекейлік бұйымдары мен ұлттық киімдері, ағаштан, күмістен және шыныдан жасалған мүсіншелер, сондай-ақ шетелде аса танымал қазақстандық шоколад өнімдері жәрмеңкеге келушілердің қызығушылығын тудырды.
Қайырымдылық жәрмеңке әсерлі және көңілді түрде өтті. Елшілік осы іс-шара шеңберінде еліміздің жаһандық бизнес, инвестициялар, туризм және мәдени алмасуға арналған батыл әрі тартымды бағыт ретінде көрсететін «Born Bold» науқанын ұсынды.
Жәрмеңкеге келушілер Елшілік ұсынған көшпелі қазақ халқының рухы мен өзіндік ерекшелігін көрсететін Қазақстанның мәдени мұрасына және аспаздық өнеріне тәнті болғандарын айтты.
Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат Иранның әлеуметтік жобаларға қолдау көрсететін қайырымдылық қорына берілді.