
2024 жылғы 9 қазанда Қазақстанның Ирандағы Елшісі О.Оңалбаев Иран Азық-түлік өнеркәсібі қоғамдастығы директорлар кеңесінің төрағасы, ИИР Өнеркәсіп және тау-кен үйінің директоры М.Мортазавимен кездесті.
М.Мортазави Қауымдастық пен Өнерәсіп және тау-кен үйінің қызметі туралы баяндады. Ол Қазақстан нарығының әлеуетімен таныс екеніне тоқталып, елімізде бірнеше жобаны іске асыруға қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, Қазақстанда ұн зауытын салу (Қауымдастыққа мүше компаниялар жыл сайын Иракка 300-400 мың тонна ұн экспорттауда), полиэтилен қаптарын шығаратын зауыт салу және лампалар шығаратын зауыт салу туралы ұсыныстар жасады.
Өз кезегінде, кездесу барысында Елші О.Оңалбаев еліміздегі инвестициялық ахуал және инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер туралы туралы айтып берді. Елші соңғы уақытта ирандық компаниялардың Қазақстандағы басым жобаларға инвестиция салу, жаңа өндіріс орталықтарын ашу туралы өтініштері артқанын атап өтті және ирандық тараптың ұсыныстары мұқият зерделенетінін жеткізді.