
2024 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің Халықаралық және құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Гарибабадимен кездесті.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Иран арасындағы көпжақты ынтымақтастық, соның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық Агенттік, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасы Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру аясындағы ықпалдастықты дамыту және одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.