2024 жылғы 8 қазанда Қазақстанның Ирандағы Елшісі О.Оңалбаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестиция саласындағы өзара ынтымақтастықты талқылау мақсатында SADAF холдингінің президенті Мохсен Хобрехпен кездесті.

2024 жылғы 8 қазанда Қазақстанның Ирандағы Елшісі О.Оңалбаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестиция саласындағы өзара ынтымақтастықты талқылау мақсатында SADAF холдингінің президенті Мохсен Хобрехпен кездесті.

            Кездесу барысында М.Хобрех осы жетекшілік етіп отырған холдингтің мұнай, газ, мұнай-химия, теңіз және құрылықта газ және мұнай құбырларын салу, теңіз астынан кабель жүргізу, теңізде бұрғылау, кеме жасау, құрылыс, фармацевтика және т.б салалардағы мол әлеуеті туралы баяндап, SADAF холдингінің Қазақстандағы басым жобаларға қатысуға қызығушылық білдіріп отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, ол Астана қаласындағы желден туындайтын мәселелерді шешу, Ақтау қаласында тұрғын-үй және бизнес кешендері мен сауда орталықтарын салу, екі ел арасында туристік ағымды көбейту мақсатында жолаушылар кемелерін жасау, мұнай-химия зауытын салу, Қазақстандағы тау-кен саласына инвестиция салу, Парсы шығанағындағы мұнай-газ саласындағы жобаларға бірлесіп инвестиция салу, мұнай-газ саласы үшін жабдықтарын жасау технологиясы бойынша тәжірибе алмасу және т.б. ұсыныстар жасады.

           Өз кезегінде, Елші О.Оңалбаев елімізде шетелдік инвесторлардың жұмыс істеуіне қолайды жағдайлар жасалғанына тоқталып, SADAF холдингі көтерген ұсыныстар жан-жақты қарастырылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Елші иран тарапын Құрық портының инфрақұрылымын дамыту, сауда кемелерін Қазақстанда бірлесе шығару және еліміздегі кен орындарына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.  

         Анықтама: SADAF холдингі мұнай, газ, мұнай-химия, кеме жасау, құрылыс, теңіз және құрылықта газ және мұнай құбырларын салу, теңіз астынан кабель жүргізу, теңізде бұрғылау жүргізу, платформа салу және т.б.  салаларда жұмыс жасайтын Ирандағы ең ірі жеке меншік компаниялардың бірі. Компанияда 2000-ға жуық білікті маман жұмыс істейді.