2024 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Онталап Оңалбаев Иранның Арак қаласының Сауда, тау-кен және өнеркәсіп палатасының төрағасы Насер Бейкимен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Елші О.Оңалбаев сұхбаттасушыны Қазақстанның экономикалық дамуы және инвестициалық басымдылықтарымен таныстырды.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарда жалғастыру туралы уағдаласты.