
Тегеран, 22 мамыр 2024 ж. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Иран Ислам Республикасына жұмыс сапармен барды. Тегеранда Ерлан Қошанов Президент Ибрахим Раисидың қайтыс болуына байланысты көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысты.