2024 жылғы 8 мамырда Қазақстанның Ирандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев ИИР Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиянмен кездесіп, Сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

2024 жылғы 8 мамырда Қазақстанның Ирандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев ИИР Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиянмен  кездесіп, Сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

Кездесуде тараптар Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы екі жақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, алдыңғы уақытта жоспарланған жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, халықаралық және өңірлік алаңдар шеңберіндегі өзара тиімді ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге, әңгіме барысында Қазақ дипломаты Иран сыртқы саяси мекемесі  басшысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру барысы туралы ақпарат берді.