
Кездесу барысында Қазақстан мен Иран мүшелік ететін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық, оның ішінде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, туризм және т.б. салаларындағы іс-шаралар бойынша өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.
Оған қоса, ЭЫҰ-ның қазіргі негізгі бағдарламалық құжаты ECO Vision 2025 және онда бекітілген тапсырмалардың іске асырылу деңгейі қарастырылды.