
Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің елді туристік бағыт ретінде ілгерілетуге бағытталған https://gokazakhstan.net/ порталының іске қосылатыны туралы хабарлайды. «GoKazakhstan»-нан сіз елдің мәдени, тарихи, сәулет және табиғи көрнекті жерлеріне қатысты ұсынымдар, шолулар мен материалдарды таба аласыз.
Туризм саласындағы соңғы жаңалықтар туралы білесіз, бұл, саяхат әуесқойларына өз сапарларын дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сіз Қазақстандағы экскурсияның ең қызықты және ерекше бағыттарымен таныса аласыз.
Facebook-тегі GoKazakhstan парақшасына жазылыңыз және соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз! https://www.facebook.com/gokazakhstan/