«ASTANA FINANCE DAYS» ҚАРЖЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ТУРАЛЫ

«ASTANA FINANCE DAYS» ҚАРЖЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ТУРАЛЫ

Құрметті әріптестер!

       29 маусым мен 3 шілде аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) үшінші рет жыл сайынғы «Astana Finance Days» қаржы конференциясын өткізеді.

      Конференция биыл онлайн форматта өтеді. Негізгі тақырыбы – «Құбылмалы әлемдегі нарықтар». Конференция барысында жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, исламдық қаржы және адам капиталын дамыту секілді тақырыптар көтеріледі. 

    Сізден 2020 жылдың 25 маусымы, сағат 19:00-ге дейін https://www.astanafindays.org/ru сайты арқылы тіркеуден өтуіңізді сұраймыз. 
     Тіркелген қатысушылар спикерлерге тікелей эфирде сұрақ қоя алады және спикерлердің сөздерінің жазбасын алады. 

        Егер қосымша сұрақтар болса, АХҚО баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз. 

Құрметпен, 

АХҚО Баспасөз қызметі.