
Астананың орнын алмастыру дипломатиясы және оның мақсаттары тек қоршаған орта мен қала құрылысы мәселелерінен өзге саяси және қауіпсіздік астарларына ие. Өткен жылдар бойында Иранның құзырлы органдары басшылары астананы алмастыру ісі пікірталасында қала салу мәселесіне баса назар аударды. Мәселеге кеңіре үңілсек, астананы алмастыру дұшпандардың кез келген қасақана іс-шараларына қарсы тұруда әскери және қауіпсіздік тұрғысынан лайықты тактика бола алады. Өткен ғасырларда қауіпсіздік және саяси мәселелерге байланысты Иранның астанасы бірнеше рет өзгерді. Оның әрқайсысы өз уақытында бір қауіпсіздік және саяси тактика ретінде сол кездегі басшылар тарапынан қолдау тапты.
Қазіргі уақытта Иранның астанасын Тегераннан басқа мекенге алмастыру күн тәртібіне қойылып отыр. Осы ретте, Қазақстанның бас қаланы Алматыдан Астанаға (қазіргі Нұрсұлтан) көшіруін үлгі ретінде қарастыруға болады.
1996 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны Астанаға (қазіргі Нұрсұлтан) көшіру туралы жарлыққа қол қойған кезде үкімет қайтаркерлері мен сарапшылардың бір бөлігі оны іске асыру мүмкін емес деп есептеді. Рухани және материалдық шығындарына қарамастан аталған жарлық өз жемісін жылдар өткен соң берді.
Қазақстан Иранның солтүстік көршісі, Каспий теңізі арқылы Иранмен ортақ су шекарасына ие. 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағы ыдыраған соң тәуелсіздік алған Қазақстан - экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан ТМД елдері арасында көшбасшы. Қазақстан - Каспий теңізі жағалауында ең ұзын шекараға ие. Экономикалық өсімі тұрғысынан аймақтағы ең дамыған мемлекет.
Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен осы ел өз тәуелсіздігін сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздігін нығайтты. Қазіргі уақытта көрші елдерімен салыстырғанда Қазақстан қазіргі уақытта тұрақтылық пен толық қауіпсіздікке ие. Бұл мәселе елдің түрлі салаларына шетелдік инвестицияны тартуға жол ашты. Қазақстанның экономикалық дамуы мен тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы аймақтағы өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Қазақстанның саяси құрылысындағы басты мәселе - ұлттық бірлікті сақтау және елдің дамуы жолында белсенді қадамдар жасап келе жатқан қырағы биліктің болуы. Адам капиталын дамыту, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларын өркендету, шетелдік инвестициялар тарту, аймақ және әлем елдерімен халықаралық байланысты дамыту Қазақстанның аймақтық келіспеушіліктерді шешу орталығына айналуына себеп болды. Алматыда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің өткізілуі, Нұрсұлтанда Сирия бітімгершілік келіссөздерінің жүргізілуі аймақ пен әлемде Қазақстанның саяси салмағы мен мәртебесін өсірді.
Қазақстанның өз орталығын Алматыдан Нұрсұлтанға көшіру туралы батыл қадамы елдің ұлттық қауіпсіздігі мен мүддесін және шекарасын сақтауда жарқын белес болды.
Мирғасем Мүмени
«Чешмандазе әбрар-е нөуин» халықаралық
зерттеу институтының атқарушы директоры