Қазақстан Республикасы Президентінің сұхбатына пікір

Қазақстан Республикасы Президентінің сұхбатына пікір

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың басында берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатында Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік және халықаралық салалардағы басымдықтары туралы баяндалған.

Сұхбатта елдің ішкі саясатына да ерекше назар аударылып, мемлекет демократия қағидаттарына сүйене отырып басқарылады деп ашық атап көрсетілген.

Саяси партиялар санының артуы, оппозицияның Парламент Мәжілісіне енуі және халықтың  билік құрылымына қатысуы Президент пен оның командасының жетістіктеріне жатады.

Ұлттық татулық, бейбіт шерулерге шығу, ішкі келіспеушіліктерге жол бермеу секілді аса маңызды мәселелерге де жоғарыдағы сұхбатта жете көңіл бөлінген.

Қазақстанда көптеген этнос өкілдерінің өмір сүретінін ескерсек ұлттық татулық пікірталасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және Қазақстанның дамуында өзекті мәселе екені айқын.

Қазақстан Республикасының үкіметі өткен жылдары ұлттық бірлік аясында ішкі және сыртқы саясат айдынында жаңа биіктерді бағындыруға күш салды.

Қазақстан географиялық орнына, халықаралық мәртебесіне және төңірегінде қалыптасқан жағдайларға байланысты үнемі екі мәселеге алаңдаушылық білдірді:

  1. Ішкі келіспеушіліктер;
  2. Шетелдік қатерлер.

Дегенмен осы екі мәселе де Қазақстанның басшылыққа алған саясаты аясында белгілі деңгейде шешімін тапты.

Қазақстан үкіметі қазіргі уақытта экономика мен халықаралық салаларда белсендірек рөл ойнауды көздеп отыр.

Өңірлік және халықаралық ұйымдарға мүше болу, екіжақты және көпжақты одақтарға кіру Қазақстанның халықаралық айдындағы мәртебесін өсірді. Сондықтан Қазақстан үкіметі ішкі келіспеушіліктерді келіссөз арқылы шешуге ұмтылуда.

Қазақстан үкіметінің референдум өткізу арқылы атом электр станциясын салуға халықтың назарын аударуға тырысуы, халықтың дауысына жүгінуге шешім қабылдауы өмірлік маңызды мәселе.

Мұндай жағдай ТМД-ның бірде-бір елінде орын алған жоқ. Шын мәнінде Қазақстан ел үшін маңызды шешім қабылдауда халықтың дауысына сүйенуге бел шешкен алғашқы мемлекет.

Қазақстан осы арқылы он жылдық жолды бір жылдың ішінде басып өтуді көздеп отырған секілді. Бұған қол жеткізуге болады, оған тиісті алғы-шарттар бар. Сол себепті де Қазақстандағы алдағы реферундум өңірге үлкен өзгерістер, ал Қазақстанның қазіргі басшылығына жаңа мүмкіндіктер сыйлайды алады.

 

Құрметпен,

 

Мирғасем Мүмени

Халықаралық мәселелер сарапшысы