Қазақстан Президентінің бір жылдық қызметі туралы

Қазақстан Президентінің бір жылдық қызметі туралы

    Қазақстан саяси, географиялық және стратегиялық орны тұрғысынан ТМД мен Еуразия аймағы құрылымында ерекше рөлге ие. Кеңес Одағы ыдыраған соң ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түрлі келіспеушіліктер және этносаралық қақтығыстармен бетпе-бет келген ТМД-ның өзге елдеріне қарама-қайшы Қазақстанды қарқынды даму жолына бастады, ірі жетістіктерге қол жеткізді.

     Ол алғашында Қазақстанда тұратын этностар арасында ұлттық бірлік орнатты. Екіншіден мықты партиялық саяси құрылымның негізін қалап, ұлттық мүддені басшылыққа алып, шетелдік инвесторларды тартып, елдің ауыл шаруашылығы мен өндірісін дамытты.

     Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен Қазақстан сыртқы саясатында аймақ елдерімен және Ресей, АҚШ, Қытай секілді алпауыт елдермен байланысты дамытуға басымдық берді. Қазақстан үкіметі сыртқы саясатында келесі мәселелерге ерекше мән берді:

  • елдің жер тұтастығын сақтау үшін шекаралық келіспеушіліктерді шешу мақсатында көрші елдермен байланысты дамыту;
  • саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелерінде ықтимал келіспеушіліктерге жол бермеу үшін Ресей, Қытай секілді аймақтағы ірі елдермен байланысты нығайту;
  • инвестиция тарту, елдің ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, өнеркәсіп инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін АҚШ, Канада және Еуропа елдерімен саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми байланысты күшейту;
  • аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланысты дамыту.

      Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алған соң ТМД елдері арасында саяси тұрақтылыққа және дамуға қол жеткізген жалғыз мемлекет болды. Ұлттық және этносаралық татулық аясында халықаралық айдында да ірі жетістерге жетті. Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы ісі мен Сирияда бітім орнатуға қатысты келіссөздерде шешуші рөл ойнады. Бұл Қазақстанның халықаралық айдындағы шынайы әлеуетін көрсетеді. Яғни, Қазақстан қайраткерлері көреген саясат аясында дұрыс жолды таңдай білді әрі оны іске асырды.

     2019 жылы 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздіктен кейін Қазақстанның екінші президенті болып сайлануы, елдің және аймақ мемлекеттерінің саяси тарихында теңдесі жоқ оқиға болды.

       Көптеген елдерде саяси өзгерістер көтерілістер немесе азаматтық соғыстар арқылы жүзеге асады. Алайда, Қазақстанда ең жоғары лауазым иесі – президент ешбір саяси жанжалсыз, демократиялық жолмен билікке келді. Биліктің бейбіт жолмен алмасуы Қазақстан қайраткерлерінің саяси біліктілігі мен қырағылығын көрсетеді. Осы әдісті әлем елдерінің басым бөлігі үшін бір үлгі ретінде қолдануға болады.

       Биліктің Нұрсұлтан Назарбаевтан мырзадан Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға бейбіт түрде өтуі, Қазақстан халқы мен үкіметінің ішкі және сыртқы салаларда ірі жетістіктерге жетуіне жол ашты. Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне кіріскен бір жыл ішінде ішкі және сыртқы саясатта ауқымды жұмыстар жасап, аймақ пен әлем елдері арасында Қазақстанның мәртебесін өсірді. Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін аймақта тұрақтылық аралына айналды. Қазақстан Республикасының жаңа президенті өзінің мол тәжірибесін пайдаланып, жаңа білікті саяси, экономикалық және ғылыми  командасымен Қазақстан халқына жаңа жетістіктер сыйлады.

ҚР Президентінің маңызды табыстары төмендегідей:

  • ұлттық тұтастықты нығайту, қазақ халқы мен этностар арасында ұлттық бірлік орнату;
  • азаматтардың жан басына шаққандағы табысын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • әкімшілік және демократиялық жүйені дамыту;
  • елдің ұлттық мүддесі үшін билеуші және оппозициялық партиялар арасында үйлесімдік орнату;
  • шет елдік инвесторларды тарту;
  • саяси даму мақсатында орталықтандырылған саяси және әкімшілік жүйе құру;
  • азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында саяси еркіндіктер мен сөз бостандығын дамыту;
  • көрші және аймақ елдерімен тығыз қарым-қатынас орнату;
  • Еуропа елдерімен және АҚШ-пен байланысты дамыту, халықаралық айдында белсенді рөл ойнау;
  • ұлттық қауіпсіздік пен мүддені қорғау, халықаралық байланыстарды дамытуда үкімет саясатын оңтайландыру, халықтың талап-тілектерін ескеру.

     Жалпы алғанда, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза бұрынғы президент және өзге де қайраткерлердің қолдауымен елдің дамуы үшін маңызды қадамдар жасады. Осы іс-шаралар ішкі және сыртқы салаларда Қазақстанның ұлттық мүддесін сақтауға мүмкіндік береді.

 

Миргасем Мүмени,

«Чешмандозе аброре навин» зерттеу орталығының

 Бас директоры